Нұсқау: «Сізге 5 тест тапсырмасы бар бір контекст беріледі. Тест тапсырмалары бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз».
Шырғанақ
Шырғанақ – бұталы немесе шағын ағаш болып саналатын тікенді өсімдік. Жемісінде 8 % шырғанақ майы бар, каротинге бай. Шырғанақтың жемісінде тиамин, рибофлавин, аскорбин қышқылы, токоферол, филлохинон витаминдері кездеседі. Шырғанақты жылжитын құмдардың жолына егіп, таудағы жүретін көшкінге тосқауыл ретінде жартасты тау беткейлеріне егуге болады.
21. Шырғанақ майы тері және шырышты қабаттардың зақымдануларын қалпына келтіреді. Бұл қасиет байланысты
A) Д витаминдеріне байланысты
B) Жемісінде ащы дәміне
C) Өсімдіктің бұтасы тығыз және қатты болып келгендіктен
D) Каротин, токоферолдарға байланысты
E) Құрамындағы аминқышқылдарға байланысты
22. Шырғанақтың құрамындағы витаминдер
A) С,В витамині
B) Аминқышқылдар
C) Сүт қышқылы
D) D витамині
E) Сірке қышқылы
23. Шырғанақ жемісі сарғыш болу себебі
A) Ауа толы жасушаларына бай
B) Құрамы каротинге бай
C) Жапырағы күміс түстес
D) Вакуольде ерекше ферменті бар
E) Хлорофилл пигменті бар
24. Шырғанақ майының пайдасы
A) Сусамыр ауруын емдейді
B) Сүйек сынғанда таңғышқа жағады
C) Инсулиннің қызметін алмастырады
D) Жүйке жұмысының жұмысын реттейді
E) Терідегі күйіктерді жазады
25. Шырғанақты тосқауыл ретінде егіп, құмның жылжуына кедергі болады. Себебі
A) Шырғанақтың бұталарының ұлпасы өте тығыз және қатты болғандықтан
B) Шырғанақ жапырақтары тікенді болғандықтан
C) Шырғанақтың қосалқы тамырлары жуан болып өсетіндіктен