ЗАР ЗАМАНЗар заман, зар заман,Зарлап өткен бір заман.Сөздің басы — бисмиллаһ,Біз айталық, сіз тыңдаМұсылманның тарихын:Төрт аяқты хайуан —Бұ дүниенің жарығы.Бағасы кеткен жігіттіңБетінен алар зайыбы.Бір алладан басқаныңКөпті қылған айыбы.Кесапаттың кесіріКеле ме деп керт басқа,Сол себептен қорқамын!Әуелгі қорлар зор болды,Сондай зорлар қор болды,Әуелгі барлар жоқ болды,Сондай жоқтар тоқ болдыЖөн білмеген жамандарЕл билеген бек болды,Көтере алмай билігін,Ұласқан үлкен кек болды,Ниетіне қазақтыңТым - ақ тәуір еп болды —Заманақыр болар деп,Сол себептен қорқамын!Қыс көбейді — жаз аз боп,Бай таусылды — мал аз боп,Ағайыны көре алмай,Атаға бала араз боп.Әр нәрсенің болжалыКеле жатыр жақындап.Ағашты тауға үй салып,Алды кәпір ақында,Елді еркіне қоймадыБуыршындай тақымдап.Дуан басы, болыс тұрКәпірдің сөзін мақұлдап,Бейшараның пұлы жоқ,Қорыққаннан қақылдап.Жарысқа кірген жақсылар,Аша алмассың көзің деп,Сол себепті қорқамын!Елге егін жайылды,Байға қоңсы жоламас.Алдап-арбап жүрем деп,Өз тілегін тілемес.Арам сулы балағаАтаның сөзі ұнамас.Заманақыр болардаАлуан-алуан жан шықты