• диолог о дружба появляется через язык на казахском​

Ответы 1

  • Достық-бұл өмірде ешнəрсемен бағаланбайтын алтын құндылықтардың бірі. Ол өзара қамқорлықтың,жауапкершілік пен рухани жақындықтың белгісі болып табылады. Шынайы достық адамға алда кездесетін түрлі қиындықтарға мойымай,керісінше,онымен талмай күресуге үйретеді. Басқа түскен түрлі қиыншылықтарға шыдауға жігер береді,адамды одан əрі шыңдай түсіп,қиялына қанат бітіреді. Адам жанында қаншалықты сенімді,адал,жақсы достар жүретін болса,ол соншалықты зор жетістікке жете біледі,өзін соншалықты бақытты сезіне алады. Бірақ дос таңдай білу де қиын,ал достықты сақтап қалу тіптен қиын. Себебі,аспанда қанша көп сансыз жұлдыздар болғаны секілді,сонша түрлі адамдар мен олардың пікірі болады.

    Кейбірі сенімен шынайы,ізгі қарым-қатынаста болса,ал біразында көреалмаушылық пен қастық ойлау сынды жаман пиғылдар болуы мүмкін. Достық деген ұлы сезім  шынайылыққа,адалдыққа,Алланың ақ жолынан адаспай жүруге үндейді,бойыңдағы көреалмаушылық,жауыздық,қастандық деген сезімдеріңнің сөніп,оның орнына имандылық,мейірімділік,бауырмалдық деген сезімдердің пайда болуына жол ашады.Өмір атты теңізде ғұмыр кешіп жатқаннан кейін, сүрінетін,жығылып барып түрегелетін кездеріміз болады. Ал ондай кезде сен бірінші кімге арқа сүйейсің?! Əрине досыңа. Алайда,ол кезде сені қолпаштап жүрген жандардың бірі де сенің қасыңнан табылмай қалуы мүмкін,барлығы сенен теріс айналып кетуі де ғажап емес. "Жаман дос-көлеңке:басыңды күн шалса-қашып құтыла алмайсың,басыңды бұлт шалса-іздеп таба алмайсың",-деп Абай атамыз айтып кеткендей,сондай жаман достар достың кейпін киген сенің қас дұшпандарың. Сондай кездерде досым кім,дұшпаным кім сонда деп есеңгірейсің. Қоғамдағы осындай жағдай қабырғаңды қайыстырып,жаныңды жабырқатып жібереді. Сонда достықты тек өзінің мақсатына жету үшін ғана пайдаланылатын құрал секілді көретін жандар да бар екен ғой деген ойлар мазалайды.

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years