• Атмосфера мен гидросферанын байланысы

Ответы 1

  • Відповідь:

    Атмосфера мен гидросфера өзара байланыста. Атмосфера - бұл жердің ауа қабығы, ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Гидросфера жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы.

    Атмосферадағы су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +15º С емес, -18ºС болар еді.

    Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді.

    Бұл екі қабық арасындағы байланыс су айналымы арқылы орын алады. Су айналымы - бұл судың мұхиттан атмосферага, атмосферадан мұхитқа немесе құрлыққа, құрлықтан мұхитқа қайтып қосылуы.

    • Автор:

      jaydinyoha
    • 11 месяцев назад
    • 9
  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years