• қосылғыштардың жазулары бойынша

Ответы 1

  • Математика 5 сынып

    Сабақтың тақырыбы: 2,5 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілері.

    Есептер шығару

    Сабақтың мақсаты:

    Оқушыларды жұп, тақ цифрларды таныстыру, ажырата білуге, санның соңғы цифрына қарап, оның 2- ге, 5- ке, 10 – ға бөлінгіштігін ажырата білуге үйрету.

    Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.Оқушының ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін дамыту.

    Оқуға,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап, тез қорытуға және математикалық тілде сөйлеугетәрбиелеу

    Күтілетін нәтиже:

    - Оқушылар 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін сандарды ажырата біледі.

    Есептер шығару барысында не үшін қажет екенін ұғынады және пайдалан біледі.

    Сабақтың түрі: Аралас сабағы

    Сабақтың әдісі: баяндау, топтасып есептер шығару, сұрақ –жауап

    Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары , дидактикалық тапсырмалар . перфокартаға жазылған түрде беріледі.

    І – кезең. Ұйымдастыру кезеңі.

    «Көпір тапсырмалары» Үй тапсырмасын тексеру

    №199 есеп. Қосылғыштардың жазулары бойынша 2-ге бөлінетін, 5-ке бөлінетін қосындыларды теріп жазып, бөліндіні тап:

    2-ге: 5-ке:

    (916+328)/2=1244/2=622(270+565)/5=835/5=167

    (542+914)/2=1456/2=728(315+650)/5=965/5=193

    (710+312)/2=1022/2=511 (450+315)/5=765/5=153

    (991+734)/5=1725/5=345

    №200есеп Көбейткіштердің жазылуы бойынша көбейтінділерінен 2-ге бөлінетін, 5-ке, 10-ға бөлінетін таңдап теріп жазып, бөліндіні тап:

    2-ге

    5-ке

    10-ға

    7*16/2=7*8=56

    7*20*3/2=21*10=210

    2*5*23/2=1*115=115

    21*3*6/2=63*3=189

    11*25/5=11*5=55

    13*10/5=13*2=26

    13*15/5=13*3=39

    2*5*23/5=46*1=46

    13*10/10=13*1=13

    7*20*3/10=21*2=42

    ІІ – кезең. Топтық жұмыс

    Теориясы: «Білу» (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

    2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері бойынша қиындыдағы сандар арқылы топқа бөлу.

    Ауызша есептер:№201, 202, 203 есеп

    №206есеп./Үлестірме тапсырмалар

    Тұжырымдамадағы бос орынға тиісінше «жұп сан», «тақ сан» сөз тіркестерін қойып, толықтырып оқыңдар. Мысал келтіріңдер:

    Екі тақ санның қосындысы________________; мысал_____________

    Үш тақ санның қосындысы ________________; мысал_____________

    Жұп санмен тақ санның қосындысы ________________; мысал_____________

    Тік төртбұрыштың периметрі ___________өрнектеледі;

    Квадраттың периметрі ________________өрнектеледі.

    Теориясы: «Түсіну» (Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)

    №207 есеп. 0,3,4 және 5 цифрларын 1-рет пайдаланып,

    2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін және 2-ге бөлінбейтін екі таңбалы сандарды жазыңдар:

    2-ге бөлінетін

    5-кебөлінетін

    10-ғабөлінетін

    2-ге бөлінбейтін

    30, 40, 34, 50, 54

    30, 40, 50, 35, 45,

    30, 40,50

    35, 45, 43, 53

    Теориясы: «Талдау» (Салыстыру, ерекшелігі неде?)

    5 кебөлінгіштік белгісімен 10 – ға бөлінгіштік белгісінің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

    Ұқсастығы ____________ цифрымен аяқталады.

    Айырмашылығы біреуі ____________ цифрымен аяқталады

    10-ға

    5-ке

    0 цифрімен аяқталатын сандар

    • Автор:

      ripleyali
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years