Ответ:
X-XII ғасырлар қалалар санының өсіп, олардың құрылысының, аумағының ұлғаюымен ерекшеленді. Осы мезгілде қала мәдениетінің жаңа аудандары қалыптасты. Археологтар бұл кездегі қала орындарын көлеміне қарай үш топқа бөліп қарастырады. Бірінші топ - көлемі 30 гектардан асатын қала орындары. Олардың қатарында Сайрам, Отырартөбе, Шортөбе, Құйрықтөбе, Сауран, Жанкент, Құмкент, т.б. бар. Екінші топ - көлемі 10 гектардан 30 гектарға, ал үшінші топ - 10 гектарға дейінгі қала орындары болды. Солтүстік Шығыс Жетісуда IX-XIII ғасырлар басында қала мәдениетінің жаңа ауданы қалыптасты. Егер бұған дейін осы аумақта не бәрі 10 ғана қала болса, біз қарастырып отырған кезде олардың саны 70-ке жеткен. Мұнда да археологтар көлеміне қарай ескерткіштерді үш топқа бөледі. Мұндағы қала жұрттары «төрткүл» үлгісінде, яғни тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланып салынған. Қала қақпалары бар дуалдармен қоршалған. X-XII ғасырларда қала мәдениеті Орталық, Шығыс Қазақстанда да қалыптаса бастады. Орталық Қазақстанда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары Нұра, Кеңгір, Жезді аңғарлары мен Ұлытау етегінен төртүклдердің орындарын тапқан. Қарастырып отырған кезеңдегі қала құрылысының құрылымында пайда болған жаңа элементтердің бірі мешіттер пен моншалар болды. X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша бибінің күмбезі көтерілген. Бабаджа қатын кесенесі де осы Тараз қаласында салынған. XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда кейін XIY ғасырдың соңында Ахмет Йасауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналды.
Объяснение:
Китаптан окыпп манызды жерлерие косып жбер
Автор:
argussanchezДобавить свой ответ
Предмет:
МузыкаАвтор:
ignaciobentleyОтветов:
Смотреть
Предмет:
МатематикаАвтор:
sunshine53Ответов:
Смотреть
Предмет:
Другие предметыАвтор:
kcda1zОтветов:
Смотреть