Ответ:
Ермұхан Бекмаханов 1915 жылдың 15 ақпанында Павлодар облысының, Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасындағы Төре ауылында дүниеге келген. Төре руынан шыққан, Абылай ханның жетінші ұрпағы Шыңғыстың жиырма бесінші перзенті.
Әкесі Бекмахан кедейленіп, Мұса Шормановтың немере інісі Зында Шормановтың малын баққан. Бекмаханың Бәпіш деген әйелінен Дінше, Ермұхан және Қамияш деген үш баласы болады. Бекмахан мал бағып жүріп өкпесіне суық тигізіп алады да, Ермұхан алты жасқа толмай жатып қайтыс болады. Осылайша Ермұханның анасы Бәпіш үш баламен тұрмыстың ауыр тауқыметін тартуға мәжбүр болады. 1925-1931 жылдар аралығында Баянауылдағы мектепте оқиды. Жоғары оқуға түсу үшін Ермұқанның жеті жылдық мектебі жеткіліксіз еді.
Алайда Ермұхан мектеп бітірген жылы туған ағасы Дінше қос өкпесіне суық тигізіп, қайтыс болады. Әкесі қайтыс болғалы тұрмыс жағдайы мәз емес Ермұханның отбасысының жағдайы ағасы Діншенің аудандық деңгейлегі орташа шенеунік болғалы біршама жақсарып қалған еді. Ағасының қайтыс болуы анасының Ермұханның оқуының жалғастыруына деген қарсылығын туғызды. Анасының қарсылығына қарамастан Ермұхан Семейдегі Жұмыс факультетіне түседі.
Сол жылдары Қазақстанда күштеп ұжымдастыру салдарынан ашаршылық орын алып, Ермұханның анасы мен кішкентай қарындасы қайтыс болады. Бұл оқиға Ермұханның қатты қажытады. Бұған қоса, анасы мен қарындасының денесінің қай жерде екені, көмулі немесе көмусіз қалғаны белгісіз еді.Бірінші әйелі: Әмина Зәріпқызы Губеева (-1979), қыздары: Найля (1940), Нурия (1946), Нәдия (1947)
Екінші әйелі: Халима Адамбекқызы Бекмұхаммедова (1925), ұлдары: Ермұхан, Сермұхан, қызы: Қарлығаш (1956)
Автор:
dodgeruutsДобавить свой ответ
Предмет:
Русский языкАвтор:
olivialoweryОтветов:
Смотреть
Предмет:
МатематикаАвтор:
boomer75Ответов:
Смотреть
Предмет:
Русский языкАвтор:
aussie8zdzОтветов:
Смотреть
Предмет:
МатематикаАвтор:
kristiantrujilloОтветов:
Смотреть