Қожа көшеде адасып жүрген бір қойды ұстап, сойып алады. Оны бір жолдасына сыр ғып айтады. Жолдасы:— Қияметке барғанда не деп жауап бересің? — дейді.— Танамын, мен жеген жоқпын деймін.— Жоқ, тана алмайсың, қойдың өзі келіп куә болады.— Онда тіпті жақсы, ұстап алып, иесіне қайтарып беремін, — депті Қожекең.***Қожекең басына сәлдесін орап, көшеде келе жатады. Біреу аптыға жүгіріп келіп:— Мына хатты оқып беріңізші! — деп өтініпті.— Мен хат танымаймын.— Ендеше неге басыңызға сәлде орайсыз?— Е, мәселе сәлде де болса, мә, басыңы ора да, хатыңды оқып ала ғой, — депті оған Қожекең.***Хан Қожанасырды шақырып алып, алдына ақша қойыпты да былай депті;— Қожеке, мынау бір сом мен бір тиын. Осының қайсысы көп, соны айтшы?Қожа ойланып тұрып:— Әрине, бір тиын көп, — депті. Таң қалған хан:— Неге бір тиынды көп дейсің? Себебін айтшы?— Себебі, бір сом дегенде алты әріп бар. Ал бір тиын дегенде жеті әріп бар. Өзіңіз айтыңызшы, алты көп пе, жеті көп пе?..