Үйде отырады, жатпайды, Көзін терімен қаптайды.Жазда бекер тұрса да,Бергенді қыста ақтайды./Бүркіт/.Далаға отау тіктім қонақ үшін,Қонақ кісім ақылы шолақ үшін,Қонақ қонып жатқанда үй жығылып, Үй үстінде қалыпты қонақ кісім. /Бүркіт/.Бір нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ,Іліксе дүниенің бәрін алмақ.Өзінің тілі бар да тістері жоқ,Жұтады көрінгенді алмап-жалмап./Бүркіт/.Таудан тоқым лақтырдым./Бүркіт/.Қара арғымақ мінгенім,Қыр айнала жүргенім,Сегіз найза сенгенім,Он екі қылыш ілгенім./Бүркіт/.Айуан екі аяқты, асқан батыр,Басына о батырдың тіккен шатыр.Шешерсің дана болсаң бұны біліп,Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда,Бір айла адамзатта болып жатыр./Бүркіт/.Елең, елең етті,Қарға ауылға қона кетті,Қақтың суын іше кетті./Бүркіт/.Жер басқанның жүйрігі,Аспаннан келер бұйрығы.Бұйрығы жетіп келгендеШошаңдайды құйрығы./Бүркіттің қоянды алуы/.Ерте тұрады,Жар шақырады./Қораз/.Басы тарақ, Арты орақ./Қораз/.Қызылдан киген киім, басқа қалпақ,Саусағы төртеу болған, емес жалпақ.Үстіне неше түрлі тон жамылып,Басады мас адамша талтақ-талтақ./Қораз/.Дүниеде бір молдаУағында азан оқиды.Мезгілінде айқайлап,Қайтып кеп жер шұқиды./Қораз/.Бір топ қамыс ішінде Шақырады жанды гүл./Қырғауыл/.Бір топ жыңғыл ішінде,Бір жапырақ қызыл гүл./Қырғауыл/.Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап,Басына бөрік киер, құндыз ұстап.Үстіне ақ камзолын киіп алып,Жүреді екі қолын артына ұстап./Сауысқан/.Бір мақұлық түспейді екен мұнарадан,Бір күнде тағам татар әр қарадан.Басында қара жылтыр кепесі бар,Белінде белбеуі бар күлпарадан./Сауысқан/.Бір құс бар жан білмейтін ішкен асын,Адамға көрсетпейді жұмыртқасын./Жарқанат/.Бар екен бір мақұлық шағын ғана,Мекені күндіз оның биік жарда.Ұшпайды ол мақұлық күндіз тіпті,Ұшады кешке таман күн батқанда./Жарқанат/.Әкесі тышқан,Шешесі құстан./Жарқанат/.Күндіз жоқ, Түнде бар./Жарқанат/.Жар басында жарбиған,Құлақтары қалбиған.Тышқан, құс аңдып жүреді,Бұл құсты кім табады?/Жарқанат/.Күндіз ұшпас,Түнде ұшар,Құс қанатты, Тышқан суретті. /Жарқанат/.Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ,Тұяғы бейне болат алмас пышақ.Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады./Үкі/.Мысық бастан,Жапалақ түстен./Үкі/.Қайталап атымды,Көктемде ән саламын.Кез келген ұяға,Жұмыртқа табамын./Көкек/.Даланың көріп пе едің молдаларын,Тыңдаңыз ол сорлының айтқан зарын.Жиылып бір араға ойбайлайды,Кез келген дүниеге ол бір жарым./Торғай/.Тал басында ағаш үй,Терезесіз тамаша үй.Соны мекен етеді,Қыста алысқа кетеді./Қара торғай/.Желіп кетсе, жеткізбейді,Тап қасында жатса да адам көрмес./Бөдене/.Меңгіл-меңгіл, меңгілше,Меңгілде бар тарғылша.Желіп кетсе жеткізбес,Жерге түссе табылмас./Бөдене/.Сөйлесе сөзді,Айтса ауызды,Тынысы басқа,Маңдайы қасқа./Тоты құс/.Аққу емес, мойны ұзын,Тырна да емес, сирақты.Аулайды балық күн ұзын,Түсіреді еске жирафты./Балықшы құс/.Тұмсығымен ояды,Ұя салып қояды.Табыңдаршы, балалар,Ол қандай құс болады?/Тоқылдақ/.Қызыл жыңғыл түбінде,Қыздай болып отырмын.Беті-қолымды жуып алып,Мұздай болып отырмын. /Қырғауыл/.Ай астында жортқан,Күн астында жортқан,Күміс сырнай тартқан./Қаз, қу/.Балпаң-балпаң басады, Адамнан қатты сасады.Саусақтары салалы,Қыста жылыға қашады./Қаз/.Екі аяғы да жоқ,Белінде таяғы да жоқ./Жұмыртқа/.Айтайын бір жұмбақты саған нұсқап,Басына бөрік киер қара пұшпақ.Үстіне ақ камзолын киіп алып,Тұрады екі қолын артына ұстап./Ала қарға/.Ұзын сирақ, түйе бас,Жібек жалды қара шаш.Қарап тұрсаң керуен,Жасағаны серуен./Тырна/.Көлде жүрген көп сиыр,Жетіп барсаң, жоқ сиыр./Үйрек/.Шелектеп құйсаңда су жұқпас./Үйрек/.Таңертең қашқан сиыр кеште бұзаулайды./Тауық/.Күн батса қонақтап қалғыған,Таң атса жерден жем аңдыған./Тауық/.Ағаш басында,Тас арасында,Әр алуан қуыстаТүндіксіз отау./Ұя/.Құдай шебер ме,Құрқылтай шебер ме?/Ұя/.