Ответы 1

  • Арыстан мен түлкі туралы ертегіАрыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да: — Аурумын, жүруге әлім жоқ, — деп барлық аңдарға хабар таратты.Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды.Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:— Халіңіз қалай, тақсыр? — деп көңілін сұрады.— Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік? — деді арыстан.Түлкі:—  Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! — деп жүріп кетіпті.
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years