Райн өзенінің жағасында орналасқан Манхайм деген неміс қаласы бүгінде тұңғыш автомобильдің отана деп аталады. Онда 1885 жылы Карл Бенц пен жұбайы Берта Рингер екеуі ең бастапқылардың бірі болып іштен жанатын қозғалтқышы бар арба жасап шығарған. Ұстаның немересі, темір жол машинисінің ұлы, Карл Фридрих Бенц Карлсруэ қаласында дүниеге келген. Жас кезінен ол өз еңбегімен күн көруге мәжбүр болған. Паровоздар жасайтын зауытта еңбек етеді, біраздан соң оны жұрт бармағынан бал тамған шебер механик деп