• шығарма құстар бiздiң досымыз! срочно!!

Ответы 4

  • Спасибо ))
  • Пожалуйста
    • Автор:

      guerra
    • 5 лет назад
    • 0
  • Құстар біздің досымыз тақырыбына шығарма жазу үшін өз өңіріңіздің табиғатын, онда өмір сүретін құс түрлерін сипаттаңыз. Сосын әрбір құстың жүріс-тұрысын, табиғатқа алып келетін пайдасы туралы айтып өтіңіз. Мысалы: Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді. Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Міне, қыс айы келді. Бұл кезде жылы жаққа ұшып кетпей, қар жауып, аяз түссе де туған жерінде қалған қанаттыларға ерекше мейіріммен қарағанымыз дұрыс болар еді. Құстарды қорғайық! Құстар — біздің досымыз. Немесе:құстарға қарап тұрсаң, олар өте әдемі. Мысалы, аққулардың топтасып көлде жүзіп жүргендері қандай тамаша көрініс. Жалпы құстар табиғатты зиянды нәрселерден қорғайды. Тоқылдақ өзінің біз тұмсығымен ағаштардың құрттарын шоқып жеп, жәндіктерден оны тазартады. Кейбір құстардың әрекеттеріне қарап, ауа-райының қандай болатынын болжауға болатынын әжемнен естідім. Мысалы, қарлығаштар төмен ұшса, онда жаңбыр жауады дегенді білдіреді. Жалпы құстарды қамқорлап, оларды да күтіп, бағуымыз керек.
    • Автор:

      sassytdiu
    • 5 лет назад
    • 0
  • Ответ:

    Құстар - біздің досымыз.

    Құстар - біздің досымыз, олар табиғаттағы керемет тіршілік иелері. Көк аспан құстардың мекені, аспанды құссыз елестету мүмкін емес. Олар тамаша әуендерімен айналаны әсем әнге бөлеп, адамдарға керемет көңіл – күй сыйлайды. Осындай кішкентай ғана тіршілік иелерінің адамға да біршама пайдасы бар. Олар бау - бақша, егістік жерлердегі жәндіктерді жеп табиғатқа пайдасын тигізеді екен. Сондықтан құстарды қорғау және егістікті бау - бақшалы жерлерге тарту үшін қолдан жасанды ұялар салу, ағаштарды көбірек егу керек. Сонда құстар біздің жерден алатын азық - түлік өнімдерімізді құрттардың құртуынан, жәндіктердің жеуінен құтқарады екен. Біздің күнделікті жеп отырған азық – түлігіміздің мол болуы – құстардың арқасында. Сондықтан қолымыздан келгенше құстарға оңтайлы жағдай жасап, күтім көрсетуіміз керек.

    Құстардың бір бөлігі құзде ұшып кетпейді, сол жерде қыстап қалады.

    Оларды қыстап қалатың құстар деп айтады.

    Қыстап қалатың  құстар:торғай, көгершін, қарға, көкшымшық, тоқылдақ ,т.б. жатады.

    Күн суытып, жыл құстары жылы жаққа кеткен кезде қыстап қалатын құстарды қыстың аязынан қорғап, қолымыздан келгенше оларға ұя салып, жем шашып, қамқор болсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Ойымды келесі өлең жолдарымен тәмамдасам деймін:

    Нан қоқымын шашпаңдар,

    Жерде жатса баспаңдар,

    Теріп алып қастерлеп,

    Торғайларға тастаңдар!

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years