Ответы 1

  • Мектептегі асхана

    Мектебіміздің асханасы екінші қабатта орналасқан. Асхананың іші кең әрі жарық, әрдайым тазаланып тұрады. Бұл жерде оқушылар мен мектебіміздің ұстаздары, қызметкерлері таңертеңгі және түскі астарын ішеді. Асханада жиырмадан астам үстел бар, әр үстел басында алты адамға дейін отыра алады. Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары бір мезгіл тағамдарын ақысыз ішеді. Асханада әзірленетін тағамның бәрі де дәмді, күнделікті өзгертіліп отырады. Әрдайым дәрумендерге бай және денсаулыққа пайдалы тағамдар әзірленуін мектеп медбикесі қадағалап отырады. Оқушылар сабақ арасындағы үлкен үзілісте асханаға барып, жүрек жалғап алады.

  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years