Ответы 1

  • Ответ:

    Сұраулы сөйлем.

    Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.

    Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.

    Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.

    Сұраулы сөйлемнің жасалуы:

    1. сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады;

    2. сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;

    3. сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі;

    4. сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.

    Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді.

    Мысалы: Бүгін қандай күн? Сен Алматыға қашан жол жүресің? Әсет қай жерде оқып жатыр? Демалыс күні не істейсің? Менімен бірген дүкен аралайсың ба?

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years