• орфографиялык жане орфоэпиялык норма

Ответы 1

  • Қазақ тілінде сөздердің жазылу ережелері мен айтылу ережелері бар.Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы,ал орфоэпия – сөздердің дұрыс оқылу заңдылығы.

    Қазақ тілінде сөздер көбіне қалай жазылса солай оқылады.Кейде сөздердің жазылуы мен айтылуында өзгешелік болады.Мынадай жағдайларда сөздердің жазылуы мен айтылуында өзгешелік болады:

    1.Дыбыс үндестігі,яғни қатар келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі;

    2.Еріндік дауыстылардың өзінен кейін келген езулік дауыстылар ғана әсер етуі;

    Жазылуы: Айтылуы:

    Көзілдірік – Көзүлдүрүк

    Өлең – Өлөң

    Қара ала – Қарала.

    Қазақ тілінде орфографиялық заңдылық төмендегі принциптерге негізделеді:

    1.Фонетикалық принцип:

    Сөз бөлшектері қалай айтылса,солай жазылады.Бұл принцип,негізінен,сөздегі қосымшалардың жазылуында ескеріледі.Мысалы:адам-дар,қарт-қа т.б.

    2.Дәстүрлі принцип:

    Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай жазылса,қазір де сол қалыптасқан күйінде жазылады.Мысалы:айуан,кейуана,қиуа т.б.

    3.Морфологиялық принцип:

    Біріккен сөз,қос сөз және сөз тіркестерінің айтылуында олардың бір сыңарының кейбір дыбысы өзгеріске ұшырауы мүмкін,бірақ жазылуда морфологиялық принципке сай түбірлері сақтап жазылады.Мысалы:

    Айтылуы: Жазылуы:

    Шегара – Шекара

    Жер-гөк – Жер-көк

    Қоян-ғолтық – Қоян-қолтық.

  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years