• ундестик занына багынбайтын создер

Ответы 1

  • Ответ:

    Буын үндестігіне бағынбайтын сөздер .

    Буын үндестігі - сөз ішінде дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.

    Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді. Бұл мұндай жағдайларда:

    Басқа тілден енген сөздер(кітап, қадір, мұғалім, құдірет т.б.)

    Біріккен сөздер (бойжеткен, баспасөз т.б.)

    Қос сөздер(қыз келіншек, жоғары-төмен т.б.)

    Қазақ тілінде осы қосымшылардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.

    Көмектес септік жалғаулары: - мен, - бен, - пен (доп-пен, дос-пен т.б.)

    -нікі, -дікі, -тікі (апам-дікі, қойшы-нікі)

    -тай, -тал, -дар, -еке, -тар ( шеше  -тай, білім - дар, ата - еке, сезім - тал т.б.)

    -хана, -стан, -кент, -күнем (дәрі - хана, Пәкі-стан, Шым - кент, пайда - күнем т.б.)

    -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй,- кеш  -уар (қалам - гер, пәле - қор, өнер - паз, кәсіп - қой, сөз-уар т.б.)

    -ов,- ова, -ев,- ева, -ин,- ина (Cейсенбеков - тің, Aлмабаев - тың). Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.

    Қазақ тілінде басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей- , би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды (бей-берекет, бей-шара, бей-тарап т.б.)

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years