• осек, отирик, мактаншак, ериншек, мал шашпак деген созге макал мател

Ответы 1

  • Ответ:

    Өсек туралы мақал – мәтелдер:

    Түймедейді түйедей етеді.

    *  *  *  *  *

    Аузы ыңғайсыз жерден тесілген.

    *  *  *  *  *

    Аш құлақтан тыныш құлақ.

    *  *  *  *  *

    Тыйылмаған ауызда пәле бар.

    *  *  *  *  *

    Қатты жүрсең «қазық аяқ» дер,

    Ақырын жүрсең «маймақ аяқ» дер.

    *  *  *  *  *

    Сенімен қосыла жамандасқан

    Сені сыртыңнан да жамандайды.

    *  *  *  *  *

    Көлгірге сенбе, былжырға ерме.

    *  *  *  *  *

    Қаңқу сөздің қоспасы көп.

    *  *  *  *  *

    Асыға айтсаң да, асыра айтпа.

    *  *  *  *  *

    Өз аузына өзі ие бола алмаған: астындағы түйесінен айырылар, жетегіндегі биесінен айырылар.

    *  *  *  *  *

    Ауызына сөз тұрмастың,

    Бір жерде өзі тұрмас.

    *  *  *  *  *

    Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.

    *  *  *  *  *

    Мақтаған жеткізер, шаққан өлтірер.

    *  *  *  *  *

    Өтірік туралы мақал – мәтелдер:

    Өтірік сөз жанға қас.

    Өткір пышақ қынға қас.

    *  *  *  *  *

    Шын — бір сөз,

    Өтірік — мың сөз.

    *  *  *  *  *

    Шындықтың шырқы бұзылмас,

    Өтіріктің өрмегі жиылмас.

    *  *  *  *  *

    Өтірік айтқанша үндемеген абзал.

    *  *  *  *  *

    Шындық бар жерде

    Өтірік байқап жүреді.

    Шындық жоқ жерде

    Шіреніп, шайқап жүреді.

    Мақтаншақ туралы мақал мәтелдер:

    1. Жапалақ мақтанса,

    Жардан қоян алдым дер.

    Жаман мақтанса,

    Жақсының жағасынан алдым дер.

    *  *  *  *  *

    2. Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,

    Батырмын деп баптанба, барып қайтпай.

    *  *  *  *  *

    3. Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба,

    Алдында құрулы торлар бар.

    Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба

    Алдында алуан орлар бар.

    *  *  *  *  *

    4.Ат қартайса,

    Жасқаншақ болады.

    5. Ер қартайса,

    Мақтаншақ болады.

    *  *  *  *  *

    6. «Барамын» деп мақтанба,

    Жарлық бар.

    «Көппін» деп мақтанба,

    Жалғыздық бар.

    *  *  *  *  *

    7. Мақтанып жүрмей,

    Сақтанып жүр.

    *  *  *  *  *

    8. Екі батыр мақтанса:

    Батырлығы мен барлығын айтар.

    Екі жаман мақтанса:

    Ұрлығы мен қарлығын айтар.

    *  *  *  *  *

    9. Бай баласы мақтанса - жылқыдан жорға міндім дер,

    Би баласы мақтанса - парадан шапан кидім дер.

    *  *  *  *  *

    10. Басым бар деп топтанба,

    Малым бар деп мақтанба.

    *  *  *  *  *

    11. Ақылды мақтанса, істі тындырар,

    Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар.

    *  *  *  *  *

    12. Бай мақтанса - табылар,

    Кедей мақтанса - шабылар.

    *  *  *  *  *

    Еріншек туралы мақал – мәтелдер:

    Есті бір өледі,

    Еріншек мың өледі.

    *  *  *  *  *

    Ертең-ертең деумен,

    Еріншек өлер.

    Көрінгенге жем болып

    Көңілшек өлер.

    *  *  *  *  *

    Аттың сүріншегі,

    Жігіттің еріншегі жаман.

    *  *  *  *  *

    Еріншекке есік пен төр —

    Екі күндік жер.

    *  *  *  *  *

    Еріншектің ертеңі бітпес,

    Жеңілтектің селтеңі бітпес.

    *  *  *  *  *

    Әлсіз адам — сүріншек,

    Ақылсыз адам — еріншек.

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years