Ответы 2

  • Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

    Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді.

    Мысалы: көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну; ит өлген жерде - алыста; тайға таңба басқандай - анық; қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған - бейбіт.

  • Тұрақты тіркес – сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес.Мысалы:

    1) Арасынан қыл өтпейді – өте тату.

    Ол екеуінің арасынан қыл өтпейді.

    2) Тепсе темір үзеді – мықты.

    Біздің сыныптан тепсе темір үзетін ұлдар шықты.

    3) Айы оңынан туды – жолы болды.

    Бүгін менің айым оңынан туды.

    4) Қан жалау – таяқ жеу.

    Сол күні ол анасынан шындап тұрып қан жалаған еді.

    5) Далаға кетті – босқа кетті.

    Менің еңбегімнің далаға кеткені ме?

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years