1. Зат есім дегеніміз не?(Заттың атын білдіретін сөздер зат есім деп аталады. Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?. мысалы: кітап, үй, ағаш, көлік т.б)2. Зат есімнің түрлері қандай?(Зат есім жекеше және көпше болып екіге бөлінеді. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздер зат есімнің жекеше түрі. мысалы: құс, киім, түйе және т.бАл Кімдер? Нелер? сұрағына жауап беретін сөздер зат есімнің көпше түрі. мысалы: құстар, киімдер, түйелер жане т.б)3. Сын есім деген не?(Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін білдіретін сөздер сын есім деп аталады. Сұрақтары: қандай? қай? мысалы: Қызыл, үлкен, биік, көк және т.б)4. Сан есім деген не?(сан есім дегеніміз - заттың санын білдіретін сөздер. сұрақтары: Қанша? Неше? Қаншаншы? Нешінші? мысалы: бес, үшінші, жүз жиырма, қырық төрт, алтыншы және т.б)5. Етістік деген не?(Етістік деген- заттың қимылын білдіретін сөздер. сурактары: Не істеді, не кылды, қайтты? мысалы: отырды, барды, келді, жүрді жане т.б)