Білетінің бір тоғыз,Білмейтінің тоқсан тоғыз.Білмесең үндеме,Білгенді күндеме.Білім гауһар, бағасы жоқ.Надандық кесел, дауасы жоқ.Киіміне қарап қарсы алады,Біліміне қарап шығарып салады.Күш - білімде, білім - кітапта.Қына тасқа бітеді,Білім басқа бітеді.Білегі күшті бірді жығады,Білімі күшті мыңды жығады.Өз білмегеніңді кісіден сұра,Үлкен жоқ болса кішіден сұра.Ақыл - тозбайтын тон,Білім – таусылмайтын кен.Білім арзан, білу қымбат.