2. ӘділКештетпей уақыттан, Төрт рет тамақтан.Жалқаулықты қуатын, Артады қуатың.Осындай ереже, Түрлентер өмірді.Тәрбие беріп ол, Көтерер көңілді.3. Мадина:Ояндың4. Ақжігіт:Сүт пен ірімшік, Қаймақ бар, айран бар.Бұлармен дос болмай, Аласың қайдан нәр?Сиырға алғыс айт, Ол саған осындай.Сан түрлі ас берген, Ең жақын досыңдай!5. Асар:Табиғат сыйлаған, Жеміс пен көкөніс.Бойына жинаған, Дәруін алып өс.Ақыл мен көркімді, “Толтырды”- дегейсің.Қарсы алып әр күнді, Сүйсініп жегейсің!6. Жансар:Ата - Ана, құрметті, Жек көрер кім етті?!Мен өсіп келемін, Балық пен тауық бер,Күніне бір мәрте, Бұларды тауып бер!7. Еламан:Ботқаны дайындар, Әр түрлі жармадан.Диқандар дән егіп, Еңбегін арнаған.Нан – тағам әл берер, Қуаттың қайнары.Ер жетіп өсуге, Бұл тағам пайдалы!8. Аружан:Көп сусын ішесің, Күн ысып, жаз болса.Пайдасы жоқ оның, Ішінде газ болса.Шырын мен таза су, Асыңды қортады.“Химия” қосылса, Асқазан “қорқады”.