Әуелде бір суық мұз ақыл зерек, Әуелде бір суық мұз- ақыл зерекЖылытқан тұла бойды ыстық жүрекТоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылықБұл- қайраттан шығады білсең керек.Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұстаСонда толық боласың елден бөлек.Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жол да жоқ жарыместі жақсы демек.Ақыл да, ашу да жоқ, күкі де жоқ,Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлекБіреуінің күні жоқ біреуінсіз,Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.