Бұқар жырау 1668-1781 термесіАй, Абылай,АбылайҚатын алма қарадан,Қара тумас сарадан.Қатын алсаң қарадан,Алды кетпес баладан,Арты кетпес жаладан. Қатын алмы төреден,Еркегі болпр жау жанды,Ұрғашысы ер жанды,Төре берер ұл туса,Аузы кетпес парадан.Мал жинасаң, қойдан жи,Майы кетпес шарадан,Ит жинасаң сырттан жи,Қойды бермес қорадан.Аталыдан би қойсаң,Адаспас жол мен жобадан,Атасыздан би қойсаң,Босанбас аузы парадан.Ағар дария су кешпес,Қалмақтан алсаң маһи бір зайып,Сүйегіңді жоғалтпас.Отының болсын жантақтан,Қатының болсын қалмақтан,Қосының болсын қазақтан,Сегіз қиыр шартарапТөрт құбылаңды түгел қып,Төрінде жатып салмақтан.