Ответы 1

  • Ответ:

    Денсаулық туралы диалог

    - Серік, осы екеуміз біраздан бері дос болсақ та, мен сенен ешқашан спорт жайлы сұрап – білмеппін...

    - Ия, шынымен де, тіпті қандай спорт түрін ұнататынымызды да білмейді екенбіз.

    - Мен суда жүзумен айналысамын. Ал сен ше?

    - Мен болсам, футбол ойнағанды ұнатамын. Сен қай уақыттан бері жүзумен айналысасың?

    - Мені ата – анам екі жасқа толғанымда алғаш рет бассейнге апарыпты, міне, содан бері мен жүзумен кәсіпқой түрде айналысып келемін.  Спорт - денсаулық кепілі ғой, қазір өмірімді спортсыз елестете алмаймын.

    - Қандай керемет! Әрине, спортпен шұғылдану денсаулық сақтауға септігін тигізетіні сөзсіз. Қаншама жылдың ішінде бірталай жарыстарға да қатысқан шығарсың?

    - Әрине, басында тек Қазақстан аумағындағы түрлі жарыстарға қатыссам, ал қазір әлемнің түкпір – түкпірінде өтетін спорттық додаларда бағымды сынаймын.

    - Мен сен үшін өте қуаныштымын. Алдағы жарыстарда тек жеңіске жетіп, егенменді еліміздің көк байрағын көкке желбіретуге тілектеспін!

    - Көп рахмет, айтқаның келсін! Міндетті түрде жеңуге тырысамын.

  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years