ДИСФЕМИЗМДІ ЭВФЕМИЗМГЕ АЙНАЛДЫРУ:Ерінен айырылған көмгенше жылайды,Елінен айырылған өлгенше жылайды.
(көмгенше – жерлегенше, өлгенше – өмірінің соңына дейін)Қақылдаған тауық тумай қоймайды.
(тумай – жұмыртқаламай)Шошқаға ерген балшыққа аунар.
(шошқаға – нашар, жаман адамға)Жолдасың соқыр болса,Сен де бір көзіңді қысып қой.
(соқыр – ауыспалы мағынада, надан болса, сұғанақ болса, аңғал болса т.б.)Ешкі егіз туып, қойдан көп болмас.
(туып – лақтап)Қарғаның бір көзі оқта, бір көз боқта.
(боқта – жаман нәрседе)Сараң да бір, сасық су да бір.
(сасық – лас, иістенген)Өсекшінің тілі қышып тұрады.
(өсекші – сөзуар)Қысыр сөзде қырсық көп.
(қысыр – жаман, мәні жоқ)Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.
(итпен – сенімсіз адаммен)