• 5-сынып 144-жаттығу.Мәтінен туынды сөздерді теріп жазу.
    Тұйық оюы дәтүрлі талғам-танымымыз бойынша мәңгіліктің белгісін білдіреді, шексіздікті танытады. Еуропа жұртында шексіздік белгісі көлденең жатқан 8 цифры түрінде берілсе, қазақта шексіздік белгісі тұйық ою түрінде беріледі. Оның бастауы да жоқ , аяқталар шегі де жоқ. Сол арқылы мәңгілік өмір-тіршілікті бейнелейді.
    Соңғы кезге дейін тұйық оюы баянды бақыт, ұзақ өмір белгісі ретінде ер адам киімінің жауырынына, батырдың қалқанына, ердің қасына, тұс киіздің маңдайына салынатын. Бұл оюды "тасбақа" деп те атайды. Тасбақаны ұзақ жасайтыны үшін, төзімділігі үшін бабаларымыз кие тұтқан. Көне түркінің тасқашау ескерткіштерінің тұғыры тасбақа болатыны сондықтан.

Ответы 1

  • туынды сөздер -дәстүрлі,мәңгіліктің,шексіздікті,бастауы,мәңгілік,баянды,төзімділігі,ескерткіштерінің,
    • Автор:

      spikecaep
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years