Ответы 1

  • Мінездеме жазу үлгісі

                                  Қазақ техникалық университетінің

             ассистент - профессоры Қуаныш Өмірбекүлы Әлихановқа

                                                      Мінездеме

    Қ.Ө. Әлиханов 1963 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі - жоғары, ҚР - ның азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы ҚазҰТУ компьютерлік техника факультетІне түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген. 1985 - 88 жылдар аралығында - Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, ҚазҰТУ металлургия факультетінің аға оқытушысы. 1988 - 91 жылдар арапығында ҚазҰТУ - дың күндізгі бөлім аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация корғады.

    Қ.Ө.Әлиханов - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол - бірнеше гылыми еңбектердің авторы. Қ.Ө.Әлихановтың "Металлургия өнеркәсібінің терминдері" атты еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

    Қ.Ө.Әлиханов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Ол - студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.

    Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.

    Тау-кен металлургия институтының директоры,

    т.ғ.д., профессор А.И.Магзонов қолы

    Айы* күні, жылы

    • Автор:

      pascual
    • 6 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years