Би Темірге айтқан бірінші толғауыАспанды бұлт құрсайды -Күн жауарға ұқсайды.Көлдерде қулар шулайды -Көкшіліден ол айуанСоққы жегенге ұқсайды.Көп ішінде бір жалғызКөп мұңайып жылайды -Күйбендескен көп жаманСөзі тигенге ұқсайды!Алп, алп басқан, алп басқанАрабы торым өзіңсің,Жазылы, алтын, қол кескенАлдаспаным өзіңсің!Білерді білмес не демес,Сұлтан ием, сен меніңБармай тапқан Қағбамсың!Алтынды кесе сары балАлсам, мен саған ұсынармын,Тал мойныма қол артсаң,Күліктен бек ұнармын.Көбең семіз торыңмын,Көп құлыңның бірімін.Жақсыңнан мені кем көрдің,Жаманыңмен тең көрдің.Жақсыңнан мені кем көрсең,Жаманыңмен тең көрсең,Ұялы берікке қос артып,Сен есенде, мен саудаЫрысымды сындайын,Сегіз қиыр шартараптан іздермін!Еділден аққан сызашықБіз көргенде тебінгігежетер-жетпес су еді -Телегейдей сайқалтып,Жарқыраған берендіТеңіз етсе, Тәңірі етті!Жағасына қыршын біткен тал еді -Жапырағын жайқалтып,Терек етсе, Тәңірі етті!Тебінгінің астынанАла балта суырысып,Тепсінісіп келгендеТең атаның ұлы едің,Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті!!Тобылғының берегіИіл болып беріш бітсе,Айбар болар терегі.Атаның ұлы жақсығаМалынды бер де басың қос,Бір күні болар керегі.Бостаны бар-ды теректің,Болаты бар-ды беректің,Тұсыңдағы болған нартың қорлама,Тұсыңдағы болған нартың қорласаң,Табылмас-ты керекте.Айдын шүйсең - тарлан шүй,Көтерілген сона құтылмас.Жауға кисең - берен ки,Егеулеген болат өте алмас.Есендікте малыңды бер де батыр жи,Басыңа қыстау іс түссе,Дұспанның қолы жете алмас!Бар күшіңді сынамай,Балуандармен күреспе -Таң боларсың әлемге,Сөз боларсың күлемге.Ақылсыз достыданАқылды дұспан артық-ты,Дұспаныңнан бір сақын.Елі ішінде айқасып,Ойнап жүрген достарыңнан мың сақын.Жоғары қарап оқ атпа,Жуық түсер қасыңа.Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,Күндердің күні болғанда,Сол жаман айғақ болар басыңа.Жақсы да келер бұ көпке,Жаман да келер бұ көпке,Түгел іс қойып болмас бір кепке.Сен - алтынсың, мен - пұлмын,Сен - жібексің, мен - жүнмін,Сен - сұлтансың, мен - құлмын,Сен - сұңқарсың, мен - қумын,Жемсауыңа келгенде,Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!Саған дұспан - маған жау,Керекті күні алдындаҒазизленген сұлтан жаным аяман!!Автор: Шалкиіз Жырау