• зорлык, зомбылыксыз алем туралы шыгарма жазып бериниздерши

Ответы 1

  • Шығарма.

    Зорлық-зомбылықсыз әлем.

    Әлем – күрделі нәрсе.Оның қызығы мен қиындығы қатар жүреді.Әлем бір орында тоқтап тұрмайды.Ол күн санап өзгереді,дамиды.Адамзатқа пайдасы тиер жаңалықтармен қатар,адам өміріне балта шабу,зорлық-зомбылық та көбеюде.

    Зорлық-зомбылық – біреуді күштеу ғана емес,ол – адамның құқығын аяққа таптау.Отбасыдағы зорлық-зомбылық,кішкентай қыздарды зорлау,өзгелерге әлімжеттік көрсету,ұрлық-қарлық – бәрі-бәрі адамзатты уайымдаттырмай қоймайды.Адам өміріндегі ең бастысы – өзінің,жақындарының амандығы.Сондықтан да, зорлық-зомбылықсыз әлемді армандамайтын пенде жоқ шығар,сірә.Ол үшін зұлымдыққа қарсы төтеп беруіміз қажет.Оның алдын алуымыз қажет.Меніңше,ол үшін баланы кішкентайынан мейірімділікке,жақсылыққа,жомарттыққа, адамгершілікке баулу керек деп білемін.

    Зорлық-зомбылықсыз әлемге қол жеткізу тек біздің өзіміздің қолымызда.Сол үшін жұдырықтай жұмыла тойтарыс берсек,ол күн де алыс емес.

    • Автор:

      skylayork
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years