- Алло, сәлеметсіз бе?
- Алло, сәлеметсіз бе? - Бұл Мараттың пәтері ме екен? - Иә, Мараттың пәтері. - Маратты телефонға шақырыңызшы.
- Марат үйде жоқ еді, ол іссапарда. Кешіріңіз, сіз кім боласыз?
- Қап, мен Семейден келіп едім. Мараттың досы – Асанмын. Ертең кетемін. Оның ұялы
телефонының нөмірін бересіз бе?
- Асансыз ба, сіз туралы Марат айтқан. Асан, өзіңіз қалайсыз, отбасыңыз, бала-шағаңыз
қалай? Мен Мараттың жұбайы – Арайлыммын.
- Арайлым, кешіріңіз. Біз таныс емеспіз ғой. Сондықтан білмей жатырмын. Менің отбасым,
бала-шағам аман, бәрі жақсы. Өздеріңіз қалайсыздар? - Рақмет. Бәрі жақсы. Марат Астанаға кетті. Асан, бізге қонаққа келіңіз. Үйде мен бармын.
Мараттың анасы бар.
- Көп рақмет. Келе алмаймын. Асығыспын. Келесіде міндетті түрде келемін. - Жарайды, онда қинамайын. Мен оның ұялы телефонын берейін. Жұмыс телефонын да
жазып алыңыз. - Иә, жазып алайын.
- Сізге көп рақмет. Маратқа сәлем айтыңыз. - Оқасы жоқ.
- Сау болыңыз. - Сау болыңыз.