• небольшое сочинение на тему традиция казахов гостеприимство

Ответы 1

  • Қазақ халқының қонақжайлылығы

    Қазақ халқының бойындағы жомарттық пен дархандық қасиеттер қонақжайлық дәстүрінен айқын көрінеді. Қазақ халқы қашанда қонағын құшақ жая қарсы алатын, бар тәттісін қонағына ұсынатын халық ретінде танылған.

    Адамдарды бір - бірінен бөлмей, жылы пейіл мен ыстық ықылас, құрмет таныту - қонақжайлылықтың белгісі. Қазақ халқының бұл қасиеті әрдайым шетелдік қонақтарды таң қалдырады, себебі біздің мәдениетімізде"қонақасы", "қонақ кәдесі" деген ұғымдар бар. Ерте заманнан бері жолға шығушы кез келген ауылда тоқтап, дәм татып, демала алады. Әр қонақтың өз еншісі бар есептелген. "Қонақпен бірге құт, береке келеді" деп сенген. Үйге келген қонаққа ең болмаса нан ауыз тигізбей шығармаған.

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years