Желтоқсанда бір сыр бар,Жел соқсын, мейлі жаусын қар.Ұмытылмас ешқашанҚайрат, Ләззат қыршындар.Желтоқсанның қарамай ызғарына,Желтоқсанның қарамай ызбарына.Тәуелсіздік тұғырға жету үшінӨлді талай боздақтар желтоқсан мұздарында.Аппақ қар қызыл қанға боялды,Өшкен рух, сөнген үміт қайта жанды, оянды.Ата - бабам қалай айтқан қалтқысызЕрді намыс өлтірер, ал қамыс қоянды