Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман.Екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаман.Үш дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман.Төрт дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.Бес дегеніңіз – білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған адам жаман.Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.Сегіз дегеніңіз – бастаған серкесіз қой жаман.Тоғыз дегеніңіз – толғанғаныңыз.Он дегеніңіз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.«Қазақтың шешендік сөздері»