Ызақор бұғып жатыр,
Сақалы шығып жатыр.(жуа)
***
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.(жуа)
***
Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.(орамжапырақ)
***
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр(қызылша)
***
Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.(қарбыз)
***
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.(қауын)
***
Көк лағым көгенде жатып семіреді.(Қарбыз)
***
Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.(қарбыз)
***
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.(қияр)
***
Бұтағында азығы
Ортасында азығы.(алма)
***
Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.(аққу)
***
Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.(бүркіт)
Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.(көкек)
***
Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.(құс ұясы)
***
Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.(жапырақтар)
***
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.(ұстаз)
***
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.(кітап)
***
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.(қарындаш)
***
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.(бор)
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.(мектеп)
***
Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.(құмырсқа)
***
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.(көгершін)
***
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.(ағаш)
***
Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.(көйлек)
***
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.(Зымыран)
***
Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.
(таба нан)
***
Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.(нан)