Ертеде бір Мақта қыз болыпты. Мақта қыздың жақсы көретін мысығыболған екен, бір күні Мақта қыз үйді жинап жатып бір мейіз тауып алады.Бөлісіп жемек болып Мақта қыз мысығын шақырады:- Мысығым, мысығым! Ау, мысығым, мысығым! – деп.Мысық күннің көзінде маужырап уйықтап жатқан түрі Мақта қызға баруғаерінеді. Мақта қыз мысығын шақырғанға келмеген соң, мейізді өзі жепқояды. Біраз уақыт өткен соң ұйқысы қанған мысық Мақта қызға келеді.*2 бетИя, Мақта қыз, мені неге шақырдың? – дейді.Мақта қыз:- Шақырғанда келмегенсің, енді айтпаймын! – дейдіМысық:Айтпасаң, мен сенің қатығыңды төгіп тастаймын! – дейдіМақта қыз:Ал мен сенің құйрығыңды жұлып аламын! – дейді.Сонымен мысық қатықты төгеді, Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлыпалады.*3 бетБіраз уақыт өткен соң мысық мақта қызға келіп құйрығын сұрайды.Мақта қыз:- Менің қатығымды төле! – дейді.Мысық сиырға барады:- Сиыр, сиыр, маған қатық берші! – дейді.Сиыр:- Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.*4 бетМысық ағашқа барып:- Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.Ағаш:- Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, - дейді.*5 бетМысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді:Қыздар, маған су беріңдерші! – дейді.Қыздар оған:- Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, - дейді.*6 бетМысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді:Қыздар, маған су беріңдерші! – дейді.Қыздар оған:- Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, - дейді.*7 бетМысық дүкенге барады:- Дүкенші, дүкенші, маған сағыз берші!- дейдіДүкенші:- Маған жұмыртқа бер, - дейді.*8 бетМысық тауыққа барады:- Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейдіТауықтар:- Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, - дейді.*9 бетМысық: “Енді не қыламын!” деп бара жатса, ін қазып жатқан бір тышқандыкөреді. Мысық тышқанды бас салады:- Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар, - дейді.- Тышқан қорыққаны соншалықты:- Үйімде бір табақ тары бар, - дейді.Мысық:- Маған бір уыс тары бер, - дейді.Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді.*10 бетМысық тарыны апарып тауыққа береді. Тауық жұмыртқа береді.Жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді. Дүкенші сағыз береді. Сағыздыапарып қыздарға береді. Қыздар су береді. Суды апарып ағашқа береді.Ағаш жапырақ береді. Жапырақты сиырға береді. Сиыр қатық береді.Қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығынқайтарып береді