• басня на казахском түлкі мен қарға

Ответы 1

  • Жұрт біледі, күледі, Сұрқия тілдің жаманын, Қошеметшілердің амалын. Сонда да солар қайда жоқ? Ептеп айтса, ересің, Артынан өкінсең де пайда жоқ.Ірімшікті ҚұдайымКез қылды бір күн қарғаға.Алып ұшып барды да,Қонды бір биік ағашқа.Үлкен олжа емес пеІрімшік деген қарны ашқа?Бір жеп алып, шүкірлікҚылайын деп аллаға,Тұмсығында ірімшік,Ойланып қарап тұр еді,Бір қу түлкі сорынаЖақын жерде жүр еді,Ішіне сақтап қулығын,Ептеп барып барлайды,Бұлғақтатып құйрығын,Қарғаның көзін алдайды.Тәтті тілмен, тәтті үнменСөйлесуге айналды:"Қарағым, не еткен сұлу ең!"—Деп таңырқап таңданды,—"Не еткен мойын, не еткен көз,Осыдан артық дейсің беЕртегі қылып айтқан сөз?Қалайша біткен, япырмай,Мұрныңыз бен жүніңіз!Періштенің үніндейДеп ойлаймын үніңіз.Осы көрікпен, Бұл жүнмен,Әншілігің белгілі,Ұялмай, қалқам, бір сайра,Біз де алалық үлгіні.Құс төресі біздергеСіз боларсыз бір күні".Басы айналды қарғаныңСұмның айтқан сөзіне. Қуанғаннан бөртініп, Бір мастық кірді өзіне. Өзіне біткен өңешін Аямастан қарқ етті, Ірімшік жерге салп етті, Іс бітті, қу кетті
    • Автор:

      bumblebee
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years