Қысқы ойындардың түрлері көп. Олар: хоккей, шаңғы тебу, шана және конькимен сырғанау. Далада қар жауып тұр. Бүгін ауа райы жаман емес, күн сәл аязды. Соған қарамастан балалар далада ойнап жүр. Олар шаңғы, коньки теуіп, бір-біріне қар лақтырып ойнап жүр. Қыстың аязында далада біраз ойнап, серуендеу адамның денсаулығына пайдалы.