• пе Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
    Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
    Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
    Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
    Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
    Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
    Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
    Аязбенен қызарып ажарланды.
    Бұлттай қасы жауып екі көзін,
    Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
    Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
    Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
    Әуес көріп жүгірген жас балалар,
    Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
    Шидем мен тон қабаттап киген малшы
    Бет қарауға шыдамай теріс айналды. переведите пожалуйста

Ответы 0

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years