• ДИАЛОГ НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ ПРО БАЙТЕРЕК

Ответы 1

  • "Бәйтерек монументі" туралы диалог.

    – Сәлем,Жайна!

    – Сәлем,Арман!

    – Қалың қалай? Нұр-Сұлтанда жайша жүрсің бе?

    – Жаман емес,өзіңде ше? Ия,қыдырып келгем.

    – Менде де бәрі жақсы.Керемет!Ендеше біздің үйге қонақ боп кет.

    – Жоқ,ниетіңе рахмет!Қонақ үйде аялдауды жөн көрдім.

    – Онда жүр жақын жерде Бәйтерек монументі бар,соны таныстырып қайтайын.

    – Жарайды.

    – Бәйтерек – қаламыздағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.

    – Бұл ғимараттың авторлары кім екен?

    – «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы:А.Рүстембеков, С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов.

    – Шебер адамдар екен.

    – Ия.Ал сен білесің бе Бәйтеректің биіктігі неге 97 м екендігін?

    – Жоқ,неге?

    – Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған.

    – Мәссаған!

    – «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен.

    – Керемет!Мен оны тезірек көргім келеді.

    – Олай болса жүр,асығайық!

    • Автор:

      marco
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years