• Срочно перевести текст!!!
    есік алды абыр-сабыр көп кісі.Қазан асылған, қой сойылған. Қатарынан қойылған қос самауырдың лапылдаған жалыны аспанға атады.
    ...Шешем қуанышын қоярға жер таппай қалбалақтап ұшып жүр.
    ...Біздің үйде той.
    Үйлену тойы...
    Бибісара шешемнің арман еткен тойы.
    Дастарқан жаюлы.
    Қазақ асықпай-саспай, бабымен тойлағанды ұнатады.
    Осы кездегі біздің үйдегі шаңырақ иесі,үлкен адам- шешем Бибісара. Әкеміз Мамырбай бұдан үш жыл бұрын қайтыс болған. Құтты болсын айтып келушілер сөзін шешеме арнайды.
    Құс құтты болсын, апа.
    Шеше, келін құтты болсын!
    Жастар бақытты болсын! - дейді.
    Айтқандарың келсін! Үйге кіріңдер. Төрлетіңдер! дейді. Өзі есік ашып, қызмет етіп,аяғының ұшымен жорғалайды.
    Ағайымның үйлену тойында мен де жанымды салып қызмет етіп жүрмін. Қайда жұмсаса да ұшып тұрам.

Ответы 0

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years