Түлкі: Түлкі бикеш мен едім, аңқауды алдап келемін. Алау жақса балалар, мен де билеп беремін! Қоян: Мен қоянмын, қоянмын, аппақ қарға бояндым. Достар тағы келер деп, ертеменен ояндым! Қасқыр: Қоянға да сенемін, қозыға да сенемін. Желе-жортып келемін. Танысайық, балалар, қасқыр батыр мен едім! Аю: Мен аюмын, балалар, аю балдан нәр алар. Ей, балалар, мені де кешіңізге ала бар.