• нужно найти синоним и омоним к слову түр,түс,жүз,теңге.

Ответы 1

  • Ответ:

    Түр, түс, жүз, теңге сөздерінің синонимдері мен антонимдері.

    Берілген сөздердің синонимдері:

    Түр мен жүз сөздерін өзара синоним сөздер, ал бұл сөздердің синонимдері  – бет, ажар, пішін, ұсқын, әлпет, бет, келбет, шырай, кескін, қалып, күй.

    Түс – рең, өң, рай, бояу.

    Теңге – ақша.

    Берілген сөздердің омонимдері:

    Түр: 1) адамның беті: оның түрі бұзылып кетті; 2) алуандылықты білдіреді: бұл киімнің бірнеше түрі бар; 3) іс-әрекет: шалбарыңды түр.

    Түс: 1) адамдар ұйықтағанда көретін бейне: бүгін мен жақсы түс көрдім; 2) іс-әрекет: көліктен түс; 3) заттың сипаты: қарындаштың түсі қызыл.

    Жүз: 1) заттың санын білдіретін сөз; 2) бет-әлпетті, түрді білдіретін зат есім; 3) пышақтың қайралған, өткір жағы; 4)  қимыл мағынасындағы сөз.

    Теңге: 1) бір затты теңге, яғни теңестір. 2) теңге (ақша).

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years