Тақырыбы: БағдаршамСабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Жол және адам өмірінің қауіпсіздігінің алдын алу, бағдаршам туралы жол ережесінің маңызды екенін ұғындыру. Оқушыларды өмірін сақтау үшін жол қауіпсіздігінің ережелерін орындауды дамыту.Сабақтың түрі: дәстүрліӘдістері: ой қозғау, топтастыру, Венн диаграммасы, тренинг, сұрақ-жауап, көрнекілікКөрнекілігі: мазмұнды және жеке суреттер, өлең, сөзжұмбақ.І. Қызығушылықты ояту1) Жұмбақ* Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)* Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)- Сонымен бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бағдаршам».