каникулды ауылда өткіздім. Атам қой бағады. Түйені бірінші көру... . Екі өркеші бар, ботасы өліп қалыпты. Көзінде жас мөлтілдейді. Аяп кеттім. Кешке қарай өрістен сиыр келеді. Келе жатып мөңірейді. Бұзау іздегені. Шөмеледен шөп алып саламын. Шөпті көріп: <Мө-ө, мө-ө!> - дейді. Риза болғаны.Атамның сұр есегі бар. мөңкиді деп мені мінгізбейді. Әжем есік алдына өрмек құрды. Мен ылғи аттап өтетінмін. Бірде өкшеммен іліп кетіп, өрмекті үзіп алдым .-өркен өскір-ай! - деді ол. Ренжіген түрі.