Қазақстан- Еуразияның орталығында орналасқан мемлекет. Көп бөлігі Азияда, аз ғана бөлігі Еуропада орналасқан. Қазақстанның жер көлемі 2724902 км2 Астанасы-Астана. Мемлекеттік тілі-қазақ тілі.Каспий теңізі,төменгі Повольже, Урал, Сібір, Қытай,Орталық Азия аралығында орналасқан.Солтүстігі мен батысында Ресеймен шектеседі-7548,1км. шығысында- Қытаймен-1782,8 км, оңтүстігінде- Қырғызстанмен-1241,6 км,Өзбекстанмен-2351,4км, Түрікменстанмен- 426,0 км.Түрік одағының ең үлкен мемлекеті болып табылады.Қазақстан- дүниежүзілік мұхитқа шығалмайтын ірі елдердің бірі. 14 облысқа бөлінеді республикалық деңгейде 2 қала- Алматы,Астана және Байқоңыр.