Бір күні таңертең ерте інім екеуміз терезеден қарасақ мысық ағаштың басында отыр екен. Не болғанын түсіну үшін әрі қарай бақылауға кірістік. Мысық қорқып отырған тәрізді.Бір кезде ағаштың төменгі жағынан иттің ырылдаған даусы естілді. содан кейін ағаштың төменгі жағына інім екеуміз қарасақ, үлкен төбет мысыққа қарай ұмтылып тұр екен бірақ ағаш басындағы мысыққа жете алмайтынын түсінген ит "Кешке келермін" деген адамға ұқсап кетіп қалды.