• ПЕРЕВЕДИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ТЕКСТ!!!! ОЧЕНЬ НУЖНО, НО НЕ КАК В ПЕРЕВОДЧИКЕ!!!!
    Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған.
    Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге балалардан гөрі, басқа бір ермек. Бөлек бір дос тапты. Онысы — әжесі. Одан қала берсе — шешесі.
    Абай биыл ғана анық байқағандай. Мұның әжесі бір түрлі әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Бірде Абай сырқаттанып жатып, әжесінен әңгіме айтуын сұраған. Сонда әжесі ойланып отырып:
    - Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен... - деп, кішкене тақпақтан бастап еді. Абай соны ұғып қалыпты, келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесінің тізесінен ақырын қағып:
    - Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен... - деп, тағы да әңгімені тілегенін білдіруші еді.
    Әжесі әуелде көп-көп ертегілер айтқан. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді және ол көбінесе өлең сөзді жиі айтатын.

Ответы 0

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years