• Ериншек туралы макал мателдер

Ответы 1

  • Жалқаудың соры - байлығы. Аз жұмысты қиынсынсаң,Көп жұмысқа тап боларсың. Ер тынысы - еңбек,Ез тынысы - ермек. Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды. Жаманға жан жуымас,Жалқауға мал жуымас. Саудың асын ішіп,Аурудың ісін істейді. Жақсы мұраптың соңынан су ереді,Жаман мұраптың соңынан шу ереді. Егінді жабайы шөп аздырар,Ерді еріншектік аздырар. Ермек қуған бәлеге жолығады,Еңбек қуған қазынаға жолығады. Есектің жүгі жеңіл болса, жатаған болады. Еріншек түске дейін ұйықтайды, кешке дейін есінейді. Қойын алдырып, қорасын бекітіпті. Жалқауға күнде той. Жалқауға от басы айшылық жер. Жалқауға сөз, шабанға таяқ өтпейді. Бұқаның арамзасы бұзау арасында жүреді. Жалқаулық - жаман ауру. Жалқау жатып ішер, отырып ұйықтар.
  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years