Ертеде бір Шал мен Кемпірболыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақпісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.Бауырсақ суып тұрып тұрып, біркезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтанеденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрідомалай береді, домалай береді.Бір кезде оған Қоян жолығып:— Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.— Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Меніңатым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам.Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме.Содан Бауырсақ қара жолмендомалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.Бауырсақ өзінің әнін Қасқырғаайтып беріп, одан әрі домалай береді.Бір кезде Аю жолығады:— Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.— Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама,ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.— Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю теккөзімен шығарып салады.Бауырсақ домалағаннан домалапкеле жатса оған Түлкі жолығады:— Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? — дейді ол.— Жолмен домалап барамын.— Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!…— Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққаиленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпайкеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға,ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.Түлкі оған:— Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным.Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, —дейді.БауырсақТүлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкіұстап алады да жеп қояды.