Менің армандаған үйім-теңіз жағалауында орналасқан 2 қабатты ағаш үй. Ол үлкен терезелерімен және айналы есіктерімен ерекшеленеді. 2 нші қабатты балконы бар,онда 2 үлкен алтыбақан креслосы бар,жанында гүлдері бар,таңғы уақытта сонда кофе ішіп,құстарды тыңдап,табиғаттың үнің естіп,толқынды тыңдап рахатқа бөленер едім.Үлкен қақпаның орнында алқызыл раушан гүлдері өсіп тұрса екен. Есік алдында пальма,кокос ағаштары жайқалып тұрса екен. Мен бұл үйде рухани демалар едім Үлкен отбасым болып,әрқайсысы өз істерімен шұғылданып жатса,балалар есік алдында салынған балалар алаңында ойнап жүрер еді.